Жазылым әрекеті


Жаңартылған білім беру мазмұны еліміздегі орта білім беру жүйесіне үлкен жаңалық болып келді. Жаңа дүниелермен бірге оқыту кезінде әр түрлі жазба жұмыстарын орындату жүйесіне де өзгерістер кірді.

«Білім беру ұйымдары білім алушыларының „Қазақ тілі“, „Қазақ тілі мен әдебиеті“, „Орыс тілі“, „Ағылшын тілі“ пәндерінен жазба жұмыстарын жүргізу жөніндегі нормативтік құжаттар» бөлімінде жалпы жазба жұмыстарына байланысты әзірленген нормативті құжаттар қаралған. Байқағанымыздай жаңартылған білім беру мазмұны кіргеннен бері жазба жұмыстарының жаңа нормативтері жасалмаған.

Келесі «Жазбаша жұмыстарды жүргізудің мақсаттары, міндеттері, нысандары», «Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар» бөлімдері мұғалімге көмек ретінде ұсынылатын талаптар жүйесін құрайды.

Жаңартылған білім беру мазмұнында жалпы жазба жұмыстарын орындатуға байланысты жеке әдістемелік көмекші құралдардың болмауы аталған әдістемелік жұмыстың маңыздылығын арттырады.

Жалпы жазба жұмыстарының түрлері оқушылардың БЖБ, ТЖБ жазу кезінде де жаңа формаларда беріле бастады. Мысалы, диктант, мазмұндама, шығарма, эссе сияқты жазба жұмыстары іштей әр түрге жіктеліп беріледі.

Оқу мақсаттарына негізделген жазба жұмыстарының түрлері қазақ тілі пәні бойынша әр алуан. Мәселен, 6-сыныптар бойынша қазақ тілі пәнінде: күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян, эссе, постер, сызба-кестелер деген түрлері берілген. Осы жазба жұмыстарын орындату барысында мұғалімге көмек ретінде ұсынылып отырған әдістемелік әзірлеме өз мақсатына жеткен деп санауға болады.

Сонымен қатар эссе және оның түрлеріне байланысты ұсынылған әдістемелік талдаулар мен эссе үлгілері де мұғалім еңбегін жеңілдетеді деп саналады.

Мақсаты


Мектеп бағдарламаларында оқу мақсаттарында қарастырылған жазба жұмыстарының талаптары, орындату әдістері және жазба жұмыстарының жазылу үлгілерін мұғалімдерге көмекші әдістемелік құрал ретінде ұсыну.

Міндеттері:
➢ Үлгілік оқу бағдарламаларындағы жазба жұмыстарының түрлерін анықтап, дайындау;
➢ Жазба жұмыстарының сипаттамаларын, анықтамаларын сыныптар бойынша әзірлеу;
➢ жазба жұмыстарының үлгілерін дайындау;
➢ жазба жұмыстарын орындатудың әдістемелік ұсынымдарын жасау

Жазылым әркетінің түрлері:
1)Дербес жазылатын жазба жұмыстар: хат, күнделік, шығарма, өмірбаян, монолог, диолог
2) Нанымды немесе дәлелді түрде жазылатын жазба жұмыстар: диктант, жарнама, рецензия (аннотация), реферат, ашық хат, ұсыныс, эссе, комментарий
3) Ақпараттық жазба жұмыстар: жоспар құру, хабарландыру, мінездеме, құттықтау нұсқаулық, хабарлама, жаңалық жазу, баяндама, мазмұндама, мәтін
4) Шығармашылық жазба жазба жұмыстар: әңгіме, ертегі
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website