Хат

Белгілі субъектінің екінші біреуге, бірлестікке, қоғамға, мекемеге арнап жазған жеке туындысы.

Хаттың түрлері

Өтініш хат

Өтініш хатта дресат белгілі бір істің атқарылуын немесе оның тоқтатылуын талап етеді, алайда ол жөнінде жауап қайтаруға міндеттемейді.

Сұрау салу хаты

Белгілі бір мәселені түсіндіріп немесе фактілердің болған-болмағанын растап жауап берілуі тиіс.

Шағым хат

Шағым хатта автор шартты міндеттемелердің орындалмауы салдарынан орын алған шығындарды өтеуді талап етеді.

Ескерту хат

Ескерту хаттар-адресат өзі атқаруға тиісті міндетін уақытылы орындалмаған кезде жазылады.

Циркуляр хат

Циркуляр хат ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерге 1 мезгілде жөнелтілетін хат, олар, негізінен, тапсырма беру сипатында болады.

Ақпарат түсінік хат

Ақпарат түсінік хаттары дегеніміз-бұрынғы тапсырылған міндетті түсіндіруге, оның кейбір мәселелері мен фактілерін нақтылай түсу мақсатында жазылатын хаттар.

Тыйым салу хаты

Тыйым салу хатында салынған сұрауға мәселелердің шешілмеген туралы жазылатын болса, шешім хатында-мәселенің дұрыс шешілгені жөніндегі мағлұмат береді.

Ілеспе хат

Ілеспе хаттар - адресатқа құжатпен бірге оны орындау жөніндегі қосымша түсінік беруді талап ететін жағдайда жазылады. Онда негізгі құжат не үшін жіберілді, онымен не істеу керек және оны қанша мерзімде орындау қажеттігі көрсетіледі.

This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website