Шығарма

Оқушылардың тілдік және әдебиеттік білімдері мен өзінің таным, түйсік, көзқарасының тәжірибелеріне сүйене отырып өз ойын жүйелі, әдеби тіл қалыбында бере білуге машықтандыратын жазбаша тәжірибелік жұмысының бірі.

Шығарма түрлері

Оқушылардың оқыған яки естіген әңгімелеріне байланысты
Әңгіменің мазмұнын сақтай отырып жазған шығармада оқушылар әңгімедегі оқиғаға, құбылыстарға өз білгендерін қосып, одан алған әсерлерін білдіреді.
Оқушының іс-әрекетіне (ойын, еңбек, т.б.) байланысты тақырыптар
Оқушылардың өздері туралы және олардың тікелей қатысы бар мәселелер жөнінде жазылатын шығарма жұмыстары оқушының іс-әрекетіне байланысты шығарма деп топталды.
Өнер саласына (сурет, кино, қуыршақ театрының спектакльдері т.б.) байланысты
Көркемөнердің түрлі саласына байланысты, сурет өнері, кино, мүсін т.6. бойынша шығарма жаздыру бақылау мен байқауға сүйенеді.
Топсеруен бойынша
Табиғат құбылыстарына, жыл маусымдарына байланыстыра жаздырады.
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website