Реферат

Жазбаша түрдегі кітаптың мазмұнының, ғылыми мәселелердің, жаттығулардың, ғылыми зерттеу нәтижелернің қысқаша мазмұндалуы, белгілі тақырыпқа баяндама, әдебиет тізімі мен басқа да көздерге шолу жасайтын белгілі бір тақырыптағы баяндама.

Рефераттың түрлері

Репродуктивті реферат

Бастапқы алғашқы мәтіннің мазмұнын баяндайды. Оның екі түрі бар: реферат-конспект және реферат-резюме.

Реферат-конспектте негізгі ақпаратты жалпыланған түрде бересіз. Оған көрнекті материалдарды, зерттеу әдістерін, олардың нәтижелерін, нәтижені қолдану мүмкіндіктерін жазуға болады.

Реферат-резюмеге көзделген тақырыптың негізгі ережелерін жазасыз.

Продуктивті реферат

Баяндалатын дереккөзді сыни және шығармашылық тұрғыдан мазмұндайды. Реферат бастапқы мәтіннің мазмұнын баяндайды, продуктивті реферат баяндалатын дереккөзді сыни және шығармашылық тұрғыдан мазмұндайды.

Оның екі түрі бар: рефератбаяндама және реферат- шолу.

Реферат-шолуда бірнеше дереккөздерді пайдаланасыз. Сондай-ақ аталған мәселеге қатысты әр дереккөздегі түрлі пікірлерге шолу жасайсыз.

Реферат-баяндамада алғашқы дереккөздің ақпаратын талдап, ондағы негізгі мәселелерге объективті түрде баға бересіз.

Рефератты жазу бірнеше кезеңді қамтиды

1
Дайындық кезеңі

Бұл кезеңде түрлі библиографиялық көздерді пайдалана отырып, белгілі бір тақырыпқа байланысты әдебиеттерді іздейсіз. Соның ішінде тақырыбыңызға сай ғаламтор желісіндегі мәліметтерді, ғылыми жұмыстарды, энциклопедияларды, анықтамалықтарды, сөздіктерді және т.б дереккөздерді табасыз.

2
Орындаушылық кезеңі

Бұл кезеңде тапқан кітаптарды және өзге де әдебиеттерді оқисыз, оқылған еңбектерден мәтін жазбасын жүргізесіз, яғни тақырыбыңды ашатын жазбаларды, цитататаларды, тезистерді, конспектілерді жазып аласыз.

3
Өзіңмен танысу.

Бұл кезеңде қарастырылған материалдарды өңдеп, рефераттың негізгі бөлімін жазасыз. Соңынан пайдаланған әдебиеттер тізімін жасайсыз.

4
Рефератты рәсімдеу кезеңі.

Соңғы кезеңде рефераттың титул бетін әзірлейсіз. Оған ең біріншң құжат шапкасы кіреді (министрліктің атауы, мектеп, колледж, ЖОО атауы, оның эмблемасы).

This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website