Монолог

Кейіпкердің өзіндік ішкі толғанысы, ойы немесе көпшілікке қаратып айтқан уағыз, өсиет, тұжырымды сөзі.
Монологтың ерекшелігі
Көркемөнер, әдебиет туындыларында қолданылатын сөз өнерінің ерекше үлгісі. Ол – адамның ішкі жан дүниесіндегі сезімдер иірімінің, толғаныс – тебіренісінің көрінісі болып табылатын тәсіл. Қолданылу аясына қарай кітаби – жазба стильдерге тән ерекшеліктер сақталады, ол әдеби сөйлеу үлгісіне жатады
1
Адамның ойы мен сөзі астасып келеді.
2
Өзімен-өзісырласу сипатында оған тыңдаушының жауап қайыруы міндетті емес.
3
Сөз күрделі ойға құрылады; өзіне тән құрылымдық ерекшеліктері болады.
4
Ойды жеткізуге түрлі (лексикалық бірліктерді таңдап жұмсау, қайталау, дыбыс үйлесімділігі мен үндестігін ескерту т.б.) тілдік тәсілдер қызмет жасайды.
Монологтың түрлері
Сипаттау
Тұтас оқиға суретін беру мақсатында қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, кейіпкер мен орын алған іс – әрекетті бір – бірімен сипаттық байланыста қарастырып, мәнді белгі – нышандарына назар аударылып, тоқталып суреттеу. Тақырып аясына қарай тұрмыстық, портреттік, интерьерлік, ғылыми – техникалық, пейзаждық, т.б.сипаттау түрлері кездеседі.
Әңгімелеу
Орын алған түрлі оқиға, құбылыс, іс – әрекетті кезең – кезеңімен әңгімелеп, оқиға иірімдерін жүйелей беру. Белгілі бір зат пен құбылыстың өзара байланысы, бір – біріне қатыстылығы сөз болады. Сөйлемдер күрделі, шұбалаңқы емес, бір желіде, бір – бірімен байланыста құрылады.
Пайымдау
Ой – пікірді ашып түсіндіріп, сөзбен мазмұндай жеткізу. Ол ойдың, идеяның даму жүйесін бере отырып, белгілі бір зат, нысан туралы жаңа білім көзімен тоғыстырады. Белгілі бір зат пен құбылыстың салдары мен себептері көрсетеді. Нақты нышан, белгілерді сипаттап жатпай, логикалық ойлау жүйесін беру мақсатында дерексіз лексиканы пайдалануымен ерекшеленеді. Ол нақты да негізгі ойды білдірумен қатар, оның шешіміне де бағыт – бағдар береді.
Сөйлеу мақсатына қарай монологтік сөйлеу үш негізгі типке бөлінеді
1
Ақпараттық сөйлеу
Білім беру үшін қызмет етеді.Ақпараттық сөйлеудің әртүрлілігі – дәріс, есеп, хабарлама,баяндамалар.
2
Сендіруші сөйлеу
Тыңдаушының көңіл-күйіне бағытталған, мұндай жағдайда айтушы оның қабылдануын есепке алуы қажет. Сендіруші сөйлеудің әртүрлілігі – құттықтаушы, мерекелік.
3
Орнатушы сөйлеу
Тыңдаушының әртүрлі іс-әрекет түрін қалыптастыруға бағытталған. Мұнда саясат сөзі, іс-әрекетке шақыру сөзі, қарсылық білдіру сөзі белгіленеді.
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website