Күнделік

Бұл ойларды, эмоциялар мен сезімдерді білдірудің қарапайым тәсілі. Оның беттерінде жазба жасай отырып, адам өмірде болып жатқан оқиғаларды жеткізеді, оларға белгілі бір эмоционалды бояу береді. Автор осы оқиғаларды құрылымдап, оларды талдап, қорытынды жасай алады.
Күнделіктің түрлері
Қазіргі кезде көптеген өндірушілердің күнделіктерді рәсімдеудің түрлі идеяларын көре аламыз. Сол себепті, өзіңіздің талабыңызға сай болатын күнделікті таңдаған дұрыс. Енді күнделіктердің ең көп таралған түрлеріне тоқталсақ:
Қарапайым күнделік
Бұндай күнделік ретінде әр күнге арналған тірліктер жоспарын жазып отыруға орын бар кәдімгі блокнот келеді. Күнделіктің бұл түрін адамдардың көбі қолданады, себебі оған жазбаларды түртіп отыруға, керекті нәрселерді белгілеп отыруға, атаулы күндерді және кездесу уақыттарын белгілеп отыруға, туған күндерді, телефон номерлерін, мекенжайларды және басқа деректерді жазып қоюға ыңғайлы. Қарапайым күнделікті адам өзі ойлап табатын жүйесі бойынша толтырып жүреді.
Жеке (өзіңізге арналған) күнделік
Оны күнделік деуге болады, өйткені ол ең әуелі эмоционалдық тұрғыдағы ширыққан көңілді орнына түсіруге, алаңдатып жүрген мәселелер мен ойларды қағазға жазып жүруге арналған. Психотерапевтер мен психологтар, әсіресе артық сезімге, қорқынышқа, уайымға, негативті ойларға берілгіш адамдарға, осындай күнделіктерді жазуға кеңес береді. Бұның оңды нәтижесі шынымен-ақ бар-бұндай «практикадан» соң адам арқаны кеңге салып, жеңілдеп, өзінің психологиялық күйін жақсартады. Жеке күнделіктер, көбінесе, еркін формаларда жазылып отырады.
Бизнес-күнделік
Бұл бизнесмендерге, іскер кісілерге, графигінде бос уақыты аз адамдарға арналған. Бизнес-күнделік тірлік-қамдарды реттестіріп, ештеңені ұмытпауға, маңызды ақпараттың көзден тасада қалмауына көмектеседі. Ол нақты реттестіріліп, уақыт аралығы: сағат, күн, апта, ай жыл ретінде анық жазылуы тиіс. Адамның жұмысындағы нәтижелері мен жетістіктері күнделіктің ұйымдастырылуына едәуір байланысты.
Электронды күнделік
Бұған әр түрлі компьютерлік қосымшалар мен бағдарламалар жатады, бірақ кейінгі кездері смартфондар мен планшеттерге арналған программалар да көп шыға бастады. Электронды күнделіктер өте ыңғайлы, дыбыстық хабарламаларды т.б. сақтап қоюға болатын пайдалы функциялары өте көп.
Күнделікті не үшін қолданады?
1
Есте сақтауды жақсарту.
Адам қандай да бір оқиғаларды бастан кешіреді және ол олардың барлығын есте сақтай алатын сияқты. Бірақ уақыт өте келе ол оқиғалардың кішкене бөлігін болса да ұмыта бастайды. Егер әр өткен қуанышты, қайғылы оқиғаларды күнделікке жазып жүрсе, ұмытылған естеліктер қайтадан еске түседі.

2
Теріс эмоциялардан құтылу
Ашуланған, көңіл-күйді бұзатын, алға жылжуға кедергі келтіретін барлық эмоцияларды, оқиғаларды қолмен жазу керек. Сол кезде адам жеңілдеп қалады. Көбінесе, эмоцияны қағазға, тіпті электронды түрде жазып жеңілдеп қалуға болады.
3
Өзіңмен танысу.
Кейде адамдар өздерін толық білмейді. Федор Достоевский: "ең бастысы, өзіңе өтірік айтпа"деп бекер айтқан жоқ. Күнделік беттерінде сіз шынайы өзіңіз бола аласыз. Күнделік жазғанда адам неғұрлым адал болса, соғұрлым жақсы
4
Өткеннің естелігі
Кейде естеліктерге еніп, ескі жазбаларды күлімсіреп оқу өте жағымды. Сіз өзіңіздің жеке басыңыздағы керемет өзгерістерді таңқаларлық түрде байқай аласыз, жай ғана ностальгия жасай аласыз, өткен кездегі эмоцияларды қайта сезінесіз. Бала кездегі ұмытылған сәттерді еске түсіріп, бір қуанып қаласыз

  1. Миыңыздағы артық ақпараттан құтыласыз. Егер сіз өте белсенді адам болсаңыз, сонымен қатар сізге бір күнде бірнеше істі бітіру керек болса, онда бұл ақпаратты мида сақтаудың қажеті жоқ.
  2. Күнделік жазатын адамдар табысты адамдардың қатарына кіреді. Сіз де бұл топтың санын көбейте аласыз.
  3. Бір күнде жоспарлаған істеріңіздің барлығын орындайсыз.
  4. Өз уақытыңызды дұрыс жұмсауды үйренесіз. Бұл да табысты адам болуға жасалған бір қадам.
  5. Барлық жасаған шаруаларыңыздың біткенін білген сәтте бойыңызды ерекше қуаныш билеп, өзіңізге мотивация аласыз.
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website