Баяндама
Баяндама белгілі бір тақырып бойынша көпшілік алдында, яғни тыңдаушылар алдында жасалынған толық жазылған ауызша хабарлама болып табылады.
Семинар сабақтарында жасалған баяндамалар дәріс материалдарын толықтыра түсуге және студенттердің оқу және ғылыми материалдармен жұмыс істеу қабілеттерін бағалауға мүмкіндік береді.
Баяндама – негізінен ғылыми конференцияларда, ғылыми зерттеу жұмысының бағыты, барысы, нәтижесі т.с.с., жөніндегі хабарлама. Оның баяндалу ұзақтығы 10-20 минут. Көбінесе, аралығы 2 инетервалмен басылған бір беттегі материалды оқып шығуға 2 минут көлемінде уақыт кететіндіктен, оның көлемі 5-10 беттен аспағаны жөн.
Студенттен өзіндік интеллектуалдық еңбекті талап ететін баяндамаларды әзірлеу төмендегідей қадамдардан (этап) тұрады