Әңгіме - оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады.
Әңгіме жанрының зерттелу тарихы
Әңгіме – қазақтың рухани дүниесі, рухани сусыны. Қазақ әдебиетінде шағын жанрдағы әңгіме шынтуайтында қазақы ұғымға негізделеді. Әңгіме әр ұлттың дәстүріне байланысты үнемі дамып, жетіліп отырады. Ұлттық әдебиетімізде әңгіменің бастауына ертегі, аңыздар, шешендік сөздер жазушыларымызға үлгі бола алды. Одан беріде Ыбырай Алтынсариннің қалдырған сүрлеуі, өнегесі халқымыздың рухани тарихында шоқтығы биік. Яғни, әңгіме жанрының дамуына ауыз әдебиеті мен Ыбырай қалдырған мұра ықпал жасағаны ақиқат. Қазақ халық әдебиетінде ауызша әңгімелер сан жағынан да, сапа жағынан да елеулі орын алады. Қазақтың ауызша әңгімелері шындыққа негізделген, құрылысы, көркемдігі жағынан тарихи, тәрбиелік мәні зор, оларды қазақы дүниетаным тұрғысынан мән бере отырып, қазақтың ұлттық табиғатына байланысты туындатты. Әуел баста көрген-білгендерінен жеке әңгімешілер, тілмәр шешендер шығарған аңыз әңгімелер әңгімеге айналған.
Қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанры көлемі жағынан оқырман үшін де, автор үшін де тиімді жанрлардың бірі болып отыр. Тәуелсіздіктен кейінгі прозада саяси мәселелерден тысқары өзінің тарихи-рухани ұлттық тамырына тереңдегенін шығармалардан көрінеді. ХХ ғасырдағы батыстық жаңғырудың қазақтың тіліне, әдебиетіне, діліне, қазақ қоғамына үлгі бола алмайтындығын сезініп, ұлттық кодты сақтай білу – ұлт болашағы екенін білетіндей. Ұлттық код, ең алдымен, тілде, содан кейін дәстүріміз бен салтымызда, мінезімізде, ұлттық мәдениетімізде. Міне, осы дүниелер қазіргі қазақ әңгімесіне аса қажет құндылықтар. Әңгімелердегі ақпараттарды айқындау күн тәртібіндегі мәселе. Қазақы салт-дәстүрдегі ақпаратты жинақтау, этномәдени ақпарат, ұлттық мінез бен характерге байланысты ақпарат, ұлттық стеоротипке байланысты т.б. ақпараттар әңгіме арқауы болмақ. Ақпараттар автор мен оқырманға тікелей байланысты. Қазақы дүниелердің жаңғыруы – ұлт болашағы.

Орта мектеп білім ордаларына маманды ЖОО-да даярлап, бағытталатын болғандықтан осы жұмыс барысында түрлі себеп пен салдарын анықтап, нәтижеге жұмыс істелінуі қажет. Әңгімені оқытуда білім алушының бойына ұлттық құндылықтар мен құзыреттіліктерді қалыптастыру жалғасын тауып келе жатыр, әйтсе де заманауи технологиялармен тиімді оқыту, түсіндіру, талдау назардан тыс қалмағаны абзал.
Әңгімелерді оқытуда жалпы оқырманнан бөлек, білім саласында жүйелі болғаны абзал. ЖОО мен мектеп саласы тікелей байланыста болуы шарт. Жаңартылған білім саласы бойынша оқытылатын әңгімелер ЖОО-да міндетті түрде оқытылуы тиіс. Мәселен,
Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?»